
2015 жылы Питтсбург Университетінің Медицина мектебімен әріптестікте құрылған Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (бұдан әрі – НУММ) американдық оқыту моделіне негізделген ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасын ұсынады. НУММ миссиясы – Қазақстан, Орталық Азия және бүкіл әлем халқының денсаулығын жақсарту үшін ғылыми-зерттеу және академиялық салаларда және денсаулық сақтау саласында жетекші орын алуға дайын, клиникалық дағдылары мен ғылыми зерттеулерге бағдарланған дәрігерлердің жаңа буынын тәрбиелеу.
Магистр дәрежесі бар кандидаттарға докторантураға түсу мүмкіндігі берілетін болады.
