Nazarbayev University

Академиялық мәселелер және студенттік істер жөніндегі Директоры, Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебі

Nazarbayev University  •  Astana, KZ (Onsite)  •  44 minutes ago
Apply
AI can make mistakes so check important info. Chat history is never stored.

Job Description

Описание вакансии

Академиялық және студенттік қызметті басқару және үйлестіру

Мектептің академиялық және студенттік қызметінің үздіксіз, үйлесімді және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында оның әкімшілік басқаруын және үйлестіруін жүзеге асырады.

Функциялары:

  1. Берілген өкілеттіктер шегінде Мектептің академиялық және студенттік қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.
  2. Академиялық және студенттік қызмет бойынша Мектеп бюджетін жоспарлайды және оның орындалуын бақылайды, оның ішінде шығыстарды болжайды, берілген қаржылық өкілеттіктер шегінде қаражатты қайта бөлу бойынша ұсыныстар әзірлейді және Вице-декан мен Деканға есеп береді.
  3. Мектептегі академиялық әкімшілендіру және есептілік процестерін стандарттау мен жетілдіруге бағытталған пәнаралық бастамаларды үйлестіреді.
  4. Вице-деканның тапсырмасы бойынша, жеке әкімшілік құжатта өзгеше көзделмесе, оның лауазымын алмастырмай, Вице-декан болмаған кезеңде берілген өкілеттіктер шегінде жекелеген операциялық және әкімшілік мәселелерді үйлестіреді.

Білім беру процесін әкімшілік сүйемелдеу

Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес Мектептің білім беру бағдарламаларын сапалы іске асыру мақсатында білім беру процесін әкімшілік және операциялық сүйемелдеуді үйлестіреді.

Функциялары:

  1. Мектептің академиялық қызметін операциялық қолдауды үйлестіреді, оның ішінде профессор-оқытушылар құрамын әкімшілік сүйемелдеуді және тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп оқу аудиториялары мен үй-жайларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
  2. Вице-деканмен бірлесіп Мектептің білім беру бағдарламаларын және (немесе) оқу курстарын әзірлеуге, қарауға және бекітуге қатысады әрі үйлестіреді.
  3. Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ аккредиттеу рәсімдерін дайындауға және өткізуге қатысады.
  4. Академиялық модульдерді жоспарлауға, іске асыруға және мониторинг жүргізуге жәрдемдеседі.
  5. Вице-деканмен бірлесіп сабақ кестесін әзірлеуді және профессор-оқытушылар құрамы арасында оқу жүктемесін бөлуді үйлестіреді.
  6. Жаңа қызметкерлерге және профессор-оқытушылар құрамына академиялық қызмет, оқыту және білім беру мәселелері бойынша кеңес береді.

Студенттерді қабылдау, сүйемелдеу және академиялық талдау

Студенттерді қабылдау мен сүйемелдеуге қатысты әкімшілік процестерді ұйымдастырады және үйлестіреді, сондай-ақ Мектеп ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында академиялық деректерді талдайды.

Функциялары:

  1. Мектептің қабылдау комиссияларының қызметін және студенттерді тарту мен қабылдау процестерін әкімшілік сүйемелдеуді үйлестіреді.
  2. Студенттерді сүйемелдеу, оның ішінде кампус аумағында орналастыру мәселелері бойынша Университеттің тиісті бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
  3. Студенттердің академиялық үлгеріміне, сабаққа қатысуына және жетістіктеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді, нәтижелерді талдайды және академиялық қызметтерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды.
  4. Өз құзыреті шегінде студенттер, білім беру бағдарламалары және оқу курстары бойынша статистикалық және талдамалық есептердің дайындалуын қамтамасыз етеді.

Серіктестік және Мектепті дамыту

Ішкі және сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылды дамытады және функционалдық құзыреті шегінде Мектептің даму жоспарларын іске асыруға қатысады.

Функциялары:

  1. Жергілікті және халықаралық серіктестермен бірлескен жобалар мен ынтымақтастықтың академиялық құрамдас бөлігін үйлестіреді.
  2. Академиялық ынтымақтастық мәселелері бойынша Универсеттің басқа мектептерімен, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
  3. Мектептің стратегиялық жоспары мен іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және іске асыруға, сондай-ақ Универсеттің тиісті бөлімшесімен бірлесіп маркетингтік жоспарға арналған материалдарды дайындауға қатысады.

Тәуекелдерді басқару, процестерді жетілдіру және талаптарды сақтау

Белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді және Мектептің тұрақты жұмыс істеуі үшін тәуекелдерді басқаруға және процестерді жетілдіруге қатысады.

Функциялары:

  1. Өзінің жетекшілік ететін бағыты бойынша тәуекелдерді анықтауға, бағалауға, басқаруға, бақылауға және мониторинг жүргізуге, сондай-ақ тиісті есептілікті дайындауға қатысады.
  2. Мектептің академиялық және студенттік қызметінің бизнес-процестерін үздіксіз жетілдіруге және оңтайландыруға қатысады.
  3. Университеттің құндылықтарын, этикалық қағидаттарын және стандарттарын нығайтуға ықпал етеді.
  4. Өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шегінде тікелей басшысының және Университет басшылығының тапсырмаларын уақытылы әрі тиісінше орындайды.
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Универсеттің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды.
  6. Университетте белгіленген тәртіпке сәйкес қызметтік құжаттардың, цифрлық ақпараттың және материалдық құндылықтардың есебін жүргізуді, сақталуын және тиісті түрде тапсырылуын, оның ішінде еңбек қатынастары тоқтатылған немесе басқа лауазымға ауысқан жағдайда қамтамасыз етеді.

Требования к квалификации

Келесі бағыттардың біреуі немесе бірнешеуі бойынша жоғары білім, магистр дәрежесінің болуы құпталады.

- білім беруді басқару;

- ақпараттық технологиялар;

- компьютерлік ғылымдар;

- математика;

- әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар;

- менеджмент.

Ағылшын тілінде білім беретін жоғары оқу орнында алынған білімге артықшылық беріледі. PhD ғылыми дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады.

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру (ауызша және жазбаша дағдылар);

Келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

-Тиісті немесе сабақтас салада кемінде жеті жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі, оның ішінде қызметкерлерді басқару тәжірибесі бар басшылық лауазымда кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі;

-PhD ғылыми дәрежесі болған жағдайда – тиісті бағыт бойынша ғылыми дәреже алғаннан кейін кемінде үш жыл кәсіби жұмыс тәжірибесі.

Жоғары білім беру саласында және/немесе халықаралық ортада жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.

Дополнительная информация

Білімі:

-Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы заңнамасын, сондай-ақ «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңын білу;

-Білім беру процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сапаны қамтамасыз ету қағидаттарын білу;

-Студенттерді қабылдау, академиялық сүйемелдеу және қолдау көрсету процестерін білу;

-Функционалдық құзырет шеңберінде бюджетті жоспарлау және бақылау негіздерін білу;

-Тәуекелдерді басқару негіздерін білу;

-Жергілікті және халықаралық білім беру қызметтері нарығын білу;

-MS Office (Word, Excel, PowerPoint) және Google Workspace (Docs, Sheets, Forms, Slides, Drive) бағдарламаларын меңгеру.

Дағдылары мен құзыреттері:

-Команданың жұмысын басқару және үйлестіру, жұмыс процестерін жоспарлау және мониторинг жүргізу;

-Жобалар мен өзгерістерді басқару;

-Талдау жүргізу, есептер дайындау және деректер негізінде шешім қабылдау;

-Келіссөздер жүргізу, іскерлік коммуникация және презентациялар өткізу дағдылары;

-Профессор-оқытушылар құрамымен, студенттермен және сыртқы серіктестермен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

-Студенттермен психологиялық және тәрбиелік жұмыстың негізгі қағидаттарын түсіну;

-Ұйымдастырушылық қабілеттерінің жоғары деңгейі, жауапкершілік және нәтижеге бағдарлану.

Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.

Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values

Nazarbayev University

About Nazarbayev University

Industry
Unknown
Company Size
Unknown
Headquarters
Unknown
Year Founded
Unknown
Website
edu.kz
Social Media